Аяттар
فَإِنَّ مَعَ ٱلۡعُسۡرِ يُسۡرًا
Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар.
Ash-Sharh 94:5
وَيَرۡزُقۡهُ مِنۡ حَيۡثُ لَا يَحۡتَسِبُۚ وَمَن يَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِ فَهُوَ حَسۡبُهُۥٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ بَٰلِغُ أَمۡرِهِۦۚ قَدۡ جَعَلَ ٱللَّهُ لِكُلِّ شَيۡءٖ قَدۡرٗا
Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады. Сөзсіз Алла өз бұйрығын атқарады. Расында Алла, әр нәрсеге бір өлшеу қойған.
At-Talaq 65:3
فَإِذَا قُضِيَتِ ٱلصَّلَوٰةُ فَٱنتَشِرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَٱبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِ ٱللَّهِ وَٱذۡكُرُواْ ٱللَّهَ كَثِيرٗا لَّعَلَّكُمۡ تُفۡلِحُونَ
Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Алланың мәрхаметінен несібе іздеңдер. Сондай-ак Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар. (Мұхаммед Ғ.С. бір жүма күні, хұтба оқып, тұрғанда бір астық артқан керуенге қағылған дабылды естіген ел, шыға жүгіріседі. Өйткені қатты ашаршылық бір жыл еді. Бұл аят соған байланысты. Б.М.)
Al-Jumu'ah 62:10
وَلَلۡأٓخِرَةُ خَيۡرٞ لَّكَ مِنَ ٱلۡأُولَىٰ
Әрине сен үшін ахирет,дүниеден жақсы.
Ad-Duhaa 93:4
وَلَسَوۡفَ يُعۡطِيكَ رَبُّكَ فَتَرۡضَىٰٓ
Әлбетте Раббың саған береді де разы боласың.
Ad-Duhaa 93:5
يَٰبَنِيَّ ٱذۡهَبُواْ فَتَحَسَّسُواْ مِن يُوسُفَ وَأَخِيهِ وَلَا تَاْيۡـَٔسُواْ مِن رَّوۡحِ ٱللَّهِۖ إِنَّهُۥ لَا يَاْيۡـَٔسُ مِن رَّوۡحِ ٱللَّهِ إِلَّا ٱلۡقَوۡمُ ٱلۡكَٰفِرُونَ
“Әй ұлдарым! Барыңдар да Юсыпты және туысын іздестіріңдер! Сондай-ақ Алланың мәрхаметінен күдер үзбеңдер. Өйткені, Алланың рахметінен, қарсы болған қауым ғана күдер үзеді...”
Yusuf 12:87
عَسَىٰ رَبُّنَآ أَن يُبۡدِلَنَا خَيۡرٗا مِّنۡهَآ إِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا رَٰغِبُونَ
"Мүмкін Раббымыз оның орнына жақсырағын берер. Расында Раббымызға ынтықпыз."
Al-Qalam 68:32
۞ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَكُم مِّن ضَعۡفٖ ثُمَّ جَعَلَ مِنۢ بَعۡدِ ضَعۡفٖ قُوَّةٗ ثُمَّ جَعَلَ مِنۢ بَعۡدِ قُوَّةٖ ضَعۡفٗا وَشَيۡبَةٗۚ يَخۡلُقُ مَا يَشَآءُۚ وَهُوَ ٱلۡعَلِيمُ ٱلۡقَدِيرُ
Ол сондай Алла; сендерді әлсіз жаратып, сосын әлсіздіктен кейін күш беріп, сосын күштен кейін нашарлатып, кәртейтті. Ол, қалағанын жаратады. Сондай-ақ Ол, аса естуші, тым күшті.
Ar-Rum 30:54
Арабша мәтін: Tanzil.net. Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
Бұл аяттарды құлыптау экранына қалай шығаруға болады
- Quran Widget қолданбасын App Store немесе Google Play-ден орнатыңыз.
- Қолданбаны ашып, «Жаңа бастама» күйін таңдаңыз.
- «Құран аяты» виджетін құлыптау экранына немесе басты экранға қосыңыз.
- Виджет күн сайын «Жаңа бастама» ішінен бір карточка көрсетеді — телефонды алған сайын көз алдыңызда бір аят тұрады.
Жазылымсыз өзіңіз таңдаған бір күй ашық; Premium қалғандарын ашады.
Quran Widget iPhone мен Android-та бірдей жұмыс істейді: күйді таңдасаңыз, виджет оның аяттарын көрсетеді. Android нұсқасында күйлердің өз тізімі бар, сондықтан кейбір атаулары басқаша.
Сұрақтар мен жауаптар
Quran Widget «Жаңа бастама» ішінде алдымен қай аятты көрсетеді?
Ash-Sharh 94:5: «Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар.»
Бұл аяттарды құлыптау экранына шығаруға бола ма?
Иә. iPhone-да Quran Widget-те «Жаңа бастама» таңдап, «Құран аяты» виджетін құлыптау экранына немесе басты экранға қосыңыз — ол күніне бір карточка көрсетеді. Android-та Quran Widget-те күйді таңдап, аят виджетін басты экранға қосыңыз — ол сол күйдің аяттарын көрсетеді.
Мұнда кімнің аудармасы келтірілген?
Халифа Алтайдың мағына аудармасы, арабша мәтін — Tanzil.net. Бұл қолданбаның өзі көрсететін мәтіндер.
Жаңартылды: 2026-11-20