Бес уақыт намаздың рәкаттары
| Намаз | Сүннет | Парыз | Үтір |
|---|---|---|---|
| Таң | 2 | 2 | — |
| Бесін | 4 + 2 | 4 | — |
| Аср (екінті) | — | 4 | — |
| Шам (ақшам) | 2 | 3 | — |
| Құптан | 2 | 4 | 3 |
Ер адамдарға: ҚМДБ видеосабақтары
Әр сабақ — бір намаздың толық орындалуы. Сурет ҚМДБ сайтындағы сабаққа апарады.
Әйел адамдарға
ҚМДБ әйел адамдарға арналған сабақтарды жеке бөлімде жариялаған. Видеосы бар сабақтар:
Қалған сабақтарды namaz.muftyat.kz сайтынан қараңыз.
Намаздың он екі парызы
Намаздың парыздары – он екі. Бұлардың алтауы – сыртында, алтауы – ішінде.
Намаздың сыртқы шарттары:
1. Хадасаттан тазалық.
2. Нәжісаттан тазалық.
3. Әурет жерін жабу.
4. Құбылаға бет бұру.
5. Уақыт.
6. Ниет.
Намаздың ішкі шарттары:
1. Ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі
2. Қиям (Тұру)
3. Қырағат (оқу)
4. Рүкүғ
5. Сәжде
6. Ақырғы отырыс
ҚМДБ, «Намаз кітабы»: Намаздың сыртқы және ішкі парыздары
Әр парыздың толық түсіндірмесі сол мақалада.
Намаз уақыты
Қалаңыздағы бүгінгі намаз уақыты ҚМДБ кестесі бойынша: Қазақстан қалаларының намаз уақыты.
Сұрақтар мен жауаптар
Намаз оқуды қайдан үйренуге болады?
ҚМДБ-ның ресми namaz.muftyat.kz сайтында ерлерге және әйелдерге арналған видеосабақтар бар: әр уақыт намазы бөлек сабақ. Бұл беттегі суреттер сол сабақтарға апарады.
Әйелдерге арналған намаз оқу үлгісі бар ма?
Иә. ҚМДБ әйел адамдарға арналған сабақтарды namaz.muftyat.kz сайтында «Әйел адамдарға намаз оқып үйрену» бөлімінде жариялаған.
Намаздың неше парызы бар?
ҚМДБ «Намаз кітабы» бойынша намаздың парыздары он екі: алтауы сыртында, алтауы ішінде.
Quran Widget намаз оқуды үйрете ме?
Жоқ. Қолданба намаз уақытын, аятты және құбыланы телефон экранында виджет ретінде көрсетеді. Намаз оқып үйрену үшін ҚМДБ сабақтарын қараңыз.
Жаңартылды: 2026-11-20












