Аяттар
وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ وَنَعۡلَمُ مَا تُوَسۡوِسُ بِهِۦ نَفۡسُهُۥۖ وَنَحۡنُ أَقۡرَبُ إِلَيۡهِ مِنۡ حَبۡلِ ٱلۡوَرِيدِ
Расында адамзатты жараттық.Оған, нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз.
Qaf 50:16
وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌۖ أُجِيبُ دَعۡوَةَ ٱلدَّاعِ إِذَا دَعَانِۖ فَلۡيَسۡتَجِيبُواْ لِي وَلۡيُؤۡمِنُواْ بِي لَعَلَّهُمۡ يَرۡشُدُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді»
Al-Baqarah 2:186
مَا وَدَّعَكَ رَبُّكَ وَمَا قَلَىٰ
Раббың сені тастамады да кейімеді.
Ad-Duhaa 93:3
قَالَ لَا تَخَافَآۖ إِنَّنِي مَعَكُمَآ أَسۡمَعُ وَأَرَىٰ
(Алла Т.): "Қорықпаңдар! Мен сен екеуіңмен біргемін. Естимін, көремін" деді.
Taha 20:46
قَالَ إِنَّمَآ أَشۡكُواْ بَثِّي وَحُزۡنِيٓ إِلَى ٱللَّهِ وَأَعۡلَمُ مِنَ ٱللَّهِ مَا لَا تَعۡلَمُونَ
(Яғқұп Ғ.С.): “Мен күйзелісімді де күйінішімді де Аллаға ғана шағамын. Әрі Алладан сендер білмеген нәрсені білемін” деді
Yusuf 12:86
بَلِ ٱللَّهُ مَوۡلَىٰكُمۡۖ وَهُوَ خَيۡرُ ٱلنَّـٰصِرِينَ
Әрине иелерің Алла, Ол нұсрат берушілердің жақсысы.
Ali 'Imran 3:150
إِنَّ وَلِـِّۧيَ ٱللَّهُ ٱلَّذِي نَزَّلَ ٱلۡكِتَٰبَۖ وَهُوَ يَتَوَلَّى ٱلصَّـٰلِحِينَ
Шынында менің ием Құран түсірген Алла. ол, жақсыларға иегершілік етеді.
Al-A'raf 7:196
قَالَ كَلَّاۖ فَٱذۡهَبَا بِـَٔايَٰتِنَآۖ إِنَّا مَعَكُم مُّسۡتَمِعُونَ
(Алла Т.): "Әсте олай емес! Екеуің де мұғжизаларымызбен барыңдар. Расында Біз сендермен бірге әр нәрсені естиміз" деді.
Ash-Shu'ara 26:15
وَزَكَرِيَّآ إِذۡ نَادَىٰ رَبَّهُۥ رَبِّ لَا تَذَرۡنِي فَرۡدٗا وَأَنتَ خَيۡرُ ٱلۡوَٰرِثِينَ
Зәкерияны да есіңе ал. Раббына: " Раббьм! Мені жалғыз қойма. Сен ең жақсы мұрагерсің" деп жалбарынды.
Al-Anbya 21:89
وَلِلَّهِ ٱلۡمَشۡرِقُ وَٱلۡمَغۡرِبُۚ فَأَيۡنَمَا تُوَلُّواْ فَثَمَّ وَجۡهُ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ وَٰسِعٌ عَلِيمٞ
Шығыс, батыс әр тарап Аллаға тән. Сондықтан қай жаққа бет қаратсаңдар да Алланың жүзі сол жақта. Расында Алла (Т.) өте кең, толық білуші.
Al-Baqarah 2:115
قُلۡ إِن ضَلَلۡتُ فَإِنَّمَآ أَضِلُّ عَلَىٰ نَفۡسِيۖ وَإِنِ ٱهۡتَدَيۡتُ فَبِمَا يُوحِيٓ إِلَيَّ رَبِّيٓۚ إِنَّهُۥ سَمِيعٞ قَرِيبٞ
"Егер адассам, шын мәнінде адасуым өз зияныма болады. Ал егер тура жолда болсам, сонда ол, Раббымның уахи еткенімен болады. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса жақын" де.
Saba 34:50
هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٖ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ يَعۡلَمُ مَا يَلِجُ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا يَخۡرُجُ مِنۡهَا وَمَا يَنزِلُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ وَمَا يَعۡرُجُ فِيهَاۖ وَهُوَ مَعَكُمۡ أَيۡنَ مَا كُنتُمۡۚ وَٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٞ
Ол сондай Алла, көктер мен жерді алты күнде жаратып, сосын ғаршыны көтерілді. Ол, жерге кірген нәрсені әрі одан шыққан нәрсені және көктен түскен нәрсені, оған көтерілген нәрсені біледі. Сондай-ақ Ол, қайда болсаңдар да сендермен бірге. Алла не істегендеріңді толық көруші.
Al-Hadid 57:4
أَلَمۡ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِۖ مَا يَكُونُ مِن نَّجۡوَىٰ ثَلَٰثَةٍ إِلَّا هُوَ رَابِعُهُمۡ وَلَا خَمۡسَةٍ إِلَّا هُوَ سَادِسُهُمۡ وَلَآ أَدۡنَىٰ مِن ذَٰلِكَ وَلَآ أَكۡثَرَ إِلَّا هُوَ مَعَهُمۡ أَيۡنَ مَا كَانُواْۖ ثُمَّ يُنَبِّئُهُم بِمَا عَمِلُواْ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٌ
(Мұхаммед Ғ.С.) көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т.) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші. (Рауаят бойынша, Яьудилер мен мұнафықтар; сыбырласып, қас қағысып, көз қысысудан тыйым салынған бола тұрса да өршелене түсіп, тіпті сәлемнің өзін бұрмалаған. Ж.Б.М.Р.Т.)
Al-Mujadila 58:7
Арабша мәтін: Tanzil.net. Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
Бұл аяттарды құлыптау экранына қалай шығаруға болады
- Quran Widget қолданбасын App Store немесе Google Play-ден орнатыңыз.
- Қолданбаны ашып, «Жалғыздық» күйін таңдаңыз.
- «Құран аяты» виджетін құлыптау экранына немесе басты экранға қосыңыз.
- Виджет күн сайын «Жалғыздық» ішінен бір карточка көрсетеді — телефонды алған сайын көз алдыңызда бір аят тұрады.
Жазылымсыз өзіңіз таңдаған бір күй ашық; Premium қалғандарын ашады.
Quran Widget iPhone мен Android-та бірдей жұмыс істейді: күйді таңдасаңыз, виджет оның аяттарын көрсетеді. Android нұсқасында күйлердің өз тізімі бар, сондықтан кейбір атаулары басқаша.
Сұрақтар мен жауаптар
Quran Widget «Жалғыздық» ішінде алдымен қай аятты көрсетеді?
Qaf 50:16: «Расында адамзатты жараттық.Оған, нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз.»
Бұл аяттарды құлыптау экранына шығаруға бола ма?
Иә. iPhone-да Quran Widget-те «Жалғыздық» таңдап, «Құран аяты» виджетін құлыптау экранына немесе басты экранға қосыңыз — ол күніне бір карточка көрсетеді. Android-та Quran Widget-те күйді таңдап, аят виджетін басты экранға қосыңыз — ол сол күйдің аяттарын көрсетеді.
Мұнда кімнің аудармасы келтірілген?
Халифа Алтайдың мағына аудармасы, арабша мәтін — Tanzil.net. Бұл қолданбаның өзі көрсететін мәтіндер.
Жаңартылды: 2026-11-20