Аяттар
قُل لَّن يُصِيبَنَآ إِلَّا مَا كَتَبَ ٱللَّهُ لَنَا هُوَ مَوۡلَىٰنَاۚ وَعَلَى ٱللَّهِ فَلۡيَتَوَكَّلِ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.): «Бізге Алланың жазғаны ғана болады. Ол біздің иеміз. Мүміндер Аллаға тәуекел қылсын»де.
At-Tawbah 9:51
وَمَا لَنَآ أَلَّا نَتَوَكَّلَ عَلَى ٱللَّهِ وَقَدۡ هَدَىٰنَا سُبُلَنَاۚ وَلَنَصۡبِرَنَّ عَلَىٰ مَآ ءَاذَيۡتُمُونَاۚ وَعَلَى ٱللَّهِ فَلۡيَتَوَكَّلِ ٱلۡمُتَوَكِّلُونَ
“Расында, бізге тура жолдарымызды көрсеткен Аллаға сенім артпайтын не болды? Бізге тарттырған жапаларыңа әлбетте сабыр етеміз. Ендеше, Аллаға сенім артушылар тәуекел етсін” (деді)
Ibrahim 14:12
وَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱلۡحَيِّ ٱلَّذِي لَا يَمُوتُ وَسَبِّحۡ بِحَمۡدِهِۦۚ وَكَفَىٰ بِهِۦ بِذُنُوبِ عِبَادِهِۦ خَبِيرًا
Сондай еш өлмейтін тірі Аллаға тәуекел ет. Оны дәріптей мақта. Ол құлдарының күнәларынан хабар алуға жетіп асады.
Al-Furqan 25:58
وَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ وَكِيلٗا
Аллаға тәуекел ет. Ол, уәкіллікте жеткілікті.
Al-Ahzab 33:3
وَيَرۡزُقۡهُ مِنۡ حَيۡثُ لَا يَحۡتَسِبُۚ وَمَن يَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِ فَهُوَ حَسۡبُهُۥٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ بَٰلِغُ أَمۡرِهِۦۚ قَدۡ جَعَلَ ٱللَّهُ لِكُلِّ شَيۡءٖ قَدۡرٗا
Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады. Сөзсіз Алла өз бұйрығын атқарады. Расында Алла, әр нәрсеге бір өлшеу қойған.
At-Talaq 65:3
إِنَّمَا ٱلۡمُؤۡمِنُونَ ٱلَّذِينَ إِذَا ذُكِرَ ٱللَّهُ وَجِلَتۡ قُلُوبُهُمۡ وَإِذَا تُلِيَتۡ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتُهُۥ زَادَتۡهُمۡ إِيمَٰنٗا وَعَلَىٰ رَبِّهِمۡ يَتَوَكَّلُونَ
Сөзсіз мүміндер; Алла еске алынса, жүректері қобалжиды да оларға Алланың аяттары оқылса, сенімдері артылып, Раббыларына тәуекел қылады.
Al-Anfal 8:2
إِنِّي تَوَكَّلۡتُ عَلَى ٱللَّهِ رَبِّي وَرَبِّكُمۚ مَّا مِن دَآبَّةٍ إِلَّا هُوَ ءَاخِذُۢ بِنَاصِيَتِهَآۚ إِنَّ رَبِّي عَلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ
«Расында мен, менің Раббым әрі сендердің Раббыларың Аллаға тәуекел еттім. Ол, маңдайынан ұстамаған (толық меңгермеген) ешбір жандық жоқ. Күдіксіз Раббым тура жолда»
Hud 11:56
وَقَالَ يَٰبَنِيَّ لَا تَدۡخُلُواْ مِنۢ بَابٖ وَٰحِدٖ وَٱدۡخُلُواْ مِنۡ أَبۡوَٰبٖ مُّتَفَرِّقَةٖۖ وَمَآ أُغۡنِي عَنكُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن شَيۡءٍۖ إِنِ ٱلۡحُكۡمُ إِلَّا لِلَّهِۖ عَلَيۡهِ تَوَكَّلۡتُۖ وَعَلَيۡهِ فَلۡيَتَوَكَّلِ ٱلۡمُتَوَكِّلُونَ
Балаларына: “Әй балаларым! Қалаға бір қақпадан кірмей бөлек-бөлек қақпалардан кіріңдер. Онымен қатар сендерден Алланың бұйрығынан еш нәрсені кетіре алмаймын. Үкім Аллаға ғана тән. Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ тәуекел етушілер Оған тәуекел етсін” деді.
Yusuf 12:67
فَإِن تَوَلَّوۡاْ فَقُلۡ حَسۡبِيَ ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ عَلَيۡهِ تَوَكَّلۡتُۖ وَهُوَ رَبُّ ٱلۡعَرۡشِ ٱلۡعَظِيمِ
(Мұхаммед Ғ.С.) сонда, егер олар сенен жалтайса: «Маған Алла жетіп асады, Одан басқа ешбір тәңір жоқ, Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ Ол, ұлы ғаршының Раббы » де.
At-Tawbah 9:129
۞وَمَن يُسۡلِمۡ وَجۡهَهُۥٓ إِلَى ٱللَّهِ وَهُوَ مُحۡسِنٞ فَقَدِ ٱسۡتَمۡسَكَ بِٱلۡعُرۡوَةِ ٱلۡوُثۡقَىٰۗ وَإِلَى ٱللَّهِ عَٰقِبَةُ ٱلۡأُمُورِ
Кім өзін Аллаға тапсырып, игілік істесе, сонда ол; расында берік тұтқаны ұстаған болады. Бұкіл істердің соңы Аллаға тән.
Luqman 31:22
وَمَا ٱخۡتَلَفۡتُمۡ فِيهِ مِن شَيۡءٖ فَحُكۡمُهُۥٓ إِلَى ٱللَّهِۚ ذَٰلِكُمُ ٱللَّهُ رَبِّي عَلَيۡهِ تَوَكَّلۡتُ وَإِلَيۡهِ أُنِيبُ
Сендер тартысқан нәрсе турасында шешім жасау Аллаға тән. Міне осы Алла, менің Раббым. Оған тәуекел еттім әрі Оған мойынсал болдым.
Ash-Shuraa 42:10
وَلِلَّهِ غَيۡبُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَإِلَيۡهِ يُرۡجَعُ ٱلۡأَمۡرُ كُلُّهُۥ فَٱعۡبُدۡهُ وَتَوَكَّلۡ عَلَيۡهِۚ وَمَا رَبُّكَ بِغَٰفِلٍ عَمَّا تَعۡمَلُونَ
Көктер мен жердің сыры Аллаға тән. Істің бәрі соған қайтады. Ендеше, Соған құлшылық қылып, Оған тәуекел ет. Раббың істейтін істеріңнен ғапыл емес.
Hud 11:123
Арабша мәтін: Tanzil.net. Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
Бұл аяттарды құлыптау экранына қалай шығаруға болады
- Quran Widget қолданбасын App Store немесе Google Play-ден орнатыңыз.
- Қолданбаны ашып, «Тәуекел» күйін таңдаңыз.
- «Құран аяты» виджетін құлыптау экранына немесе басты экранға қосыңыз.
- Виджет күн сайын «Тәуекел» ішінен бір карточка көрсетеді — телефонды алған сайын көз алдыңызда бір аят тұрады.
Жазылымсыз өзіңіз таңдаған бір күй ашық; Premium қалғандарын ашады.
Quran Widget iPhone мен Android-та бірдей жұмыс істейді: күйді таңдасаңыз, виджет оның аяттарын көрсетеді. Android нұсқасында күйлердің өз тізімі бар, сондықтан кейбір атаулары басқаша.
Сұрақтар мен жауаптар
Quran Widget «Тәуекел» ішінде алдымен қай аятты көрсетеді?
At-Tawbah 9:51: «(Мұхаммед Ғ.С.): «Бізге Алланың жазғаны ғана болады. Ол біздің иеміз. Мүміндер Аллаға тәуекел қылсын»де.»
Бұл аяттарды құлыптау экранына шығаруға бола ма?
Иә. iPhone-да Quran Widget-те «Тәуекел» таңдап, «Құран аяты» виджетін құлыптау экранына немесе басты экранға қосыңыз — ол күніне бір карточка көрсетеді. Android-та Quran Widget-те күйді таңдап, аят виджетін басты экранға қосыңыз — ол сол күйдің аяттарын көрсетеді.
Мұнда кімнің аудармасы келтірілген?
Халифа Алтайдың мағына аудармасы, арабша мәтін — Tanzil.net. Бұл қолданбаның өзі көрсететін мәтіндер.
Жаңартылды: 2026-11-20