Аяттар
وَجَزَـٰٓؤُاْ سَيِّئَةٖ سَيِّئَةٞ مِّثۡلُهَاۖ فَمَنۡ عَفَا وَأَصۡلَحَ فَأَجۡرُهُۥ عَلَى ٱللَّهِۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Бір жамандықтың жазасы өзіндей ғана жамандық. Сонда кім кешірім етіп, жарасса; онда оның сыйлығы Аллаға тән. Күдіксіз Ол, залымдарды жақсы көрмейді.
Ash-Shuraa 42:40
وَمَا خَلَقۡنَا ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَآ إِلَّا بِٱلۡحَقِّۗ وَإِنَّ ٱلسَّاعَةَ لَأٓتِيَةٞۖ فَٱصۡفَحِ ٱلصَّفۡحَ ٱلۡجَمِيلَ
Көктер мен жерді әрі екеуінің арасындағы нәрселерді бір шындық бойынша жараттық. Сөзсіз қиямет келеді. Сондықтан көркем, жұмсақ сыңай байқат.
Al-Hijr 15:85
وَلَا تَسۡتَوِي ٱلۡحَسَنَةُ وَلَا ٱلسَّيِّئَةُۚ ٱدۡفَعۡ بِٱلَّتِي هِيَ أَحۡسَنُ فَإِذَا ٱلَّذِي بَيۡنَكَ وَبَيۡنَهُۥ عَدَٰوَةٞ كَأَنَّهُۥ وَلِيٌّ حَمِيمٞ
Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл.) Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді.
Fussilat 41:34
۞قَوۡلٞ مَّعۡرُوفٞ وَمَغۡفِرَةٌ خَيۡرٞ مِّن صَدَقَةٖ يَتۡبَعُهَآ أَذٗىۗ وَٱللَّهُ غَنِيٌّ حَلِيمٞ
Көркем сөз және кешірімділік, артынан бұлдану, кейіту араласқан садақан жақсы. Алла (Т.) бай, жұмсақ.
Al-Baqarah 2:263
ٱلَّذِينَ يُنفِقُونَ فِي ٱلسَّرَّآءِ وَٱلضَّرَّآءِ وَٱلۡكَٰظِمِينَ ٱلۡغَيۡظَ وَٱلۡعَافِينَ عَنِ ٱلنَّاسِۗ وَٱللَّهُ يُحِبُّ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Олар кеңшілікте, таршылықта Алла жолында мал сарып қылғандар. Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла (Т.) жақсылық істеушілерді сүйеді.
Ali 'Imran 3:134
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِنَّ مِنۡ أَزۡوَٰجِكُمۡ وَأَوۡلَٰدِكُمۡ عَدُوّٗا لَّكُمۡ فَٱحۡذَرُوهُمۡۚ وَإِن تَعۡفُواْ وَتَصۡفَحُواْ وَتَغۡفِرُواْ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٌ
Әй мүміндер! Сөзсіз әйелдеріңнен балаларыңнан өздеріңе дұшпан болатындар да бар. Олардан сақсыныңдар. Егер оларды кешірім етсеңдер, шығыссаңдар, жарылқасаңдар, шәксіз Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
At-Taghabun 64:14
۞عَسَى ٱللَّهُ أَن يَجۡعَلَ بَيۡنَكُمۡ وَبَيۡنَ ٱلَّذِينَ عَادَيۡتُم مِّنۡهُم مَّوَدَّةٗۚ وَٱللَّهُ قَدِيرٞۚ وَٱللَّهُ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Алланың сендермен дұшпандық еткен кісілердің арасына достық пайда қылуы мүмкін. Алла өте күшті әрі Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Al-Mumtahanah 60:7
وَٱصۡبِرۡ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَٱهۡجُرۡهُمۡ هَجۡرٗا جَمِيلٗا
Олардың айтқандарына сабыр ет. Олардан сыпайы түрде айрыл.
Al-Muzzammil 73:10
وَلَا يَأۡتَلِ أُوْلُواْ ٱلۡفَضۡلِ مِنكُمۡ وَٱلسَّعَةِ أَن يُؤۡتُوٓاْ أُوْلِي ٱلۡقُرۡبَىٰ وَٱلۡمَسَٰكِينَ وَٱلۡمُهَٰجِرِينَ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِۖ وَلۡيَعۡفُواْ وَلۡيَصۡفَحُوٓاْۗ أَلَا تُحِبُّونَ أَن يَغۡفِرَ ٱللَّهُ لَكُمۡۚ وَٱللَّهُ غَفُورٞ رَّحِيمٌ
Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар; жақындарына, міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін. Ғапу етіп, кешірсін. Алланың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
An-Nur 24:22
Арабша мәтін: Tanzil.net. Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
Бұл аяттарды құлыптау экранына қалай шығаруға болады
- Quran Widget қолданбасын App Store немесе Google Play-ден орнатыңыз.
- Қолданбаны ашып, «Өкпе» күйін таңдаңыз.
- «Құран аяты» виджетін құлыптау экранына немесе басты экранға қосыңыз.
- Виджет күн сайын «Өкпе» ішінен бір карточка көрсетеді — телефонды алған сайын көз алдыңызда бір аят тұрады.
Жазылымсыз өзіңіз таңдаған бір күй ашық; Premium қалғандарын ашады.
Quran Widget iPhone мен Android-та бірдей жұмыс істейді: күйді таңдасаңыз, виджет оның аяттарын көрсетеді. Android нұсқасында күйлердің өз тізімі бар, сондықтан кейбір атаулары басқаша.
Сұрақтар мен жауаптар
Quran Widget «Өкпе» ішінде алдымен қай аятты көрсетеді?
Ash-Shuraa 42:40: «Бір жамандықтың жазасы өзіндей ғана жамандық. Сонда кім кешірім етіп, жарасса; онда оның сыйлығы Аллаға тән. Күдіксіз Ол, залымдарды жақсы көрмейді.»
Бұл аяттарды құлыптау экранына шығаруға бола ма?
Иә. iPhone-да Quran Widget-те «Өкпе» таңдап, «Құран аяты» виджетін құлыптау экранына немесе басты экранға қосыңыз — ол күніне бір карточка көрсетеді. Android-та Quran Widget-те күйді таңдап, аят виджетін басты экранға қосыңыз — ол сол күйдің аяттарын көрсетеді.
Мұнда кімнің аудармасы келтірілген?
Халифа Алтайдың мағына аудармасы, арабша мәтін — Tanzil.net. Бұл қолданбаның өзі көрсететін мәтіндер.
Жаңартылды: 2026-11-20