Аяттар
وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِي عَنِّي فَإِنِّي قَرِيبٌۖ أُجِيبُ دَعۡوَةَ ٱلدَّاعِ إِذَا دَعَانِۖ فَلۡيَسۡتَجِيبُواْ لِي وَلۡيُؤۡمِنُواْ بِي لَعَلَّهُمۡ يَرۡشُدُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді»
Al-Baqarah 2:186
فَٱسۡتَجَبۡنَا لَهُۥ وَنَجَّيۡنَٰهُ مِنَ ٱلۡغَمِّۚ وَكَذَٰلِكَ نُـۨجِي ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне иман келтіргендерді сөйтіп құтқарамыз.
Al-Anbya 21:88
فَإِنَّ مَعَ ٱلۡعُسۡرِ يُسۡرًا
Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар.
Ash-Sharh 94:5
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱصۡبِرُواْ وَصَابِرُواْ وَرَابِطُواْ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمۡ تُفۡلِحُونَ
Әй мүміндер! Әр нәрсеге сабырлы, жауға шыдамды және қорғанысқа дайын болыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар әрине құтыласыңдар.
Ali 'Imran 3:200
أَمَّن يُجِيبُ ٱلۡمُضۡطَرَّ إِذَا دَعَاهُ وَيَكۡشِفُ ٱلسُّوٓءَ وَيَجۡعَلُكُمۡ خُلَفَآءَ ٱلۡأَرۡضِۗ أَءِلَٰهٞ مَّعَ ٱللَّهِۚ قَلِيلٗا مَّا تَذَكَّرُونَ
Немесе қиналғандар, өзіне жалбарынғанда қабыл етіп, қиыншылықты айықтыратын және сендерді жер жүзіне орынбасар қылатын кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Өте аз түсінесіңдер.
An-Naml 27:62
أَمۡ حَسِبۡتُمۡ أَن تَدۡخُلُواْ ٱلۡجَنَّةَ وَلَمَّا يَأۡتِكُم مَّثَلُ ٱلَّذِينَ خَلَوۡاْ مِن قَبۡلِكُمۖ مَّسَّتۡهُمُ ٱلۡبَأۡسَآءُ وَٱلضَّرَّآءُ وَزُلۡزِلُواْ حَتَّىٰ يَقُولَ ٱلرَّسُولُ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مَعَهُۥ مَتَىٰ نَصۡرُ ٱللَّهِۗ أَلَآ إِنَّ نَصۡرَ ٱللَّهِ قَرِيبٞ
(Мұсылмандар!) Сендерге бұрыңғы өткендердің басына келген сияқты (жағдай) келмей жаннатқа кірулеріңді ойладыңдар ма? Оларға, ашаршылық, ауыру- науқас келді. Сондай-ақ Пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер: «Бізге Алланың жәрдемі қашан болар екен?»,- дегенге дейін (қиыншылықта) тербетілді. Естеріңде болсын. Негізінен Алланың жәрдемі жақын.
Al-Baqarah 2:214
خُلِقَ ٱلۡإِنسَٰنُ مِنۡ عَجَلٖۚ سَأُوْرِيكُمۡ ءَايَٰتِي فَلَا تَسۡتَعۡجِلُونِ
Адам баласы асыққыш болып жаратылған. Белгілерімді көрсетемін. Менен тез тілемеңдер.
Al-Anbya 21:37
أَتَىٰٓ أَمۡرُ ٱللَّهِ فَلَا تَسۡتَعۡجِلُوهُۚ سُبۡحَٰنَهُۥ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشۡرِكُونَ
Алланың әмірі келді. Сондықтан оның тез келуін тілемеңдер. Алла, олардың қосқан шеріктерінен пәк те жоғары.
An-Nahl 16:1
قَالَ مُوسَىٰ لِقَوۡمِهِ ٱسۡتَعِينُواْ بِٱللَّهِ وَٱصۡبِرُوٓاْۖ إِنَّ ٱلۡأَرۡضَ لِلَّهِ يُورِثُهَا مَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦۖ وَٱلۡعَٰقِبَةُ لِلۡمُتَّقِينَ
Мұса (Ғ.С.) еліне: «Алладан жәрдем тілеңдер әрі сабыр етіңдер: Жер Алланікі екені даусыз. Ол, құлдарынан қалағаныңа мұра қылады. Соңғы табыс тақуалардікі» деді.
Al-A'raf 7:128
رَبَّنَا وَءَاتِنَا مَا وَعَدتَّنَا عَلَىٰ رُسُلِكَ وَلَا تُخۡزِنَا يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۖ إِنَّكَ لَا تُخۡلِفُ ٱلۡمِيعَادَ
«Раббымыз! Бізге елшілеріңе уәде еткендеріңді бер. Сондай-ақ бізді қиямет күні қорлама. Күдіксіз Сен уәдеден айнымайсың» (деп тілейді)
Ali 'Imran 3:194
ٱدۡعُواْ رَبَّكُمۡ تَضَرُّعٗا وَخُفۡيَةًۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلۡمُعۡتَدِينَ
Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз Ол, шектен шығушыларды жақсы көрмейді.
Al-A'raf 7:55
فَٱصۡبِرۡ لِحُكۡمِ رَبِّكَ وَلَا تَكُن كَصَاحِبِ ٱلۡحُوتِ إِذۡ نَادَىٰ وَهُوَ مَكۡظُومٞ
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше Раббыңның үкімі бойынаша сабыр ет. Балық иесі (Юныс Ғ.С.) құсама. Сол уақытта ол, қайғыға булығып, жалбарынған болатын. (С. 139-147-А)
Al-Qalam 68:48
Арабша мәтін: Tanzil.net. Мағына аудармасы: Халифа Алтай.
Бұл аяттарды құлыптау экранына қалай шығаруға болады
- Quran Widget қолданбасын App Store немесе Google Play-ден орнатыңыз.
- Қолданбаны ашып, «Дұға қабыл болмаса» күйін таңдаңыз.
- «Құран аяты» виджетін құлыптау экранына немесе басты экранға қосыңыз.
- Виджет күн сайын «Дұға қабыл болмаса» ішінен бір карточка көрсетеді — телефонды алған сайын көз алдыңызда бір аят тұрады.
Жазылымсыз өзіңіз таңдаған бір күй ашық; Premium қалғандарын ашады.
Quran Widget iPhone мен Android-та бірдей жұмыс істейді: күйді таңдасаңыз, виджет оның аяттарын көрсетеді. Android нұсқасында күйлердің өз тізімі бар, сондықтан кейбір атаулары басқаша.
Сұрақтар мен жауаптар
Quran Widget «Дұға қабыл болмаса» ішінде алдымен қай аятты көрсетеді?
Al-Baqarah 2:186: «(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді»»
Бұл аяттарды құлыптау экранына шығаруға бола ма?
Иә. iPhone-да Quran Widget-те «Дұға қабыл болмаса» таңдап, «Құран аяты» виджетін құлыптау экранына немесе басты экранға қосыңыз — ол күніне бір карточка көрсетеді. Android-та Quran Widget-те күйді таңдап, аят виджетін басты экранға қосыңыз — ол сол күйдің аяттарын көрсетеді.
Мұнда кімнің аудармасы келтірілген?
Халифа Алтайдың мағына аудармасы, арабша мәтін — Tanzil.net. Бұл қолданбаның өзі көрсететін мәтіндер.
Жаңартылды: 2026-11-20